“Бақытты болсын. Күйзеліске уақыт жоқ”: Динара Қырықбаеваның экс-күйеуі шаңырақ көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бақытты болсын. Күйзеліске уақыт жоқ”: Динара Қырықбаеваның экс-күйеуі шаңырақ көтерді

“Бақытты болсын. Күйзеліске уақыт жоқ”: Динара Қырықбаеваның экс-күйеуі шаңырақ көтерді


Әнші Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуінің тағы да шаңырақ көтергенін естіп, оған шын жүректен бақыт тіледі. Үш баланың анасы ажырасқаннан кейін күйзеліп, қайғыруға уақыты болмағанын ашық айтты.

  • 26 Шiлде 2022
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Динара Қырықбаеваның оқырмандары әншіге бұрынғы жолдасының үйленгенін айтып, оның бұл туралы не ойлайтынын сұрады. "Күйеуіңіз үйленіпті ғой. Құттықтайсыз ба?", — деп сұрады желідегілер. "Керемет жаңалық. Оны шын жүректен құттықтаймын", — деп жауап берген әнші желіде.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлап, барша жанкүйерін таңғалдырған еді. Кейін өнер иесі бұл шешімі үшін еш өкінбейтінін айтты.

Динара желіде оқырмандарына жолдасымен ажырасу себебін түсіндіріп, некеде қатты жалғызсырағанын айтқан болатын. Одан бөлек әнші бұрынғы күйеуімен бүгінде мүлдем араласпайтынын, десе де балаларының әкесіне бақыт тілейтінін жеткізді. Желідегілер әншіден ажырасудан кейінгі күйзелісі туралы да сұрақ қойған. "Күйзеліске түсетін уақыт жоқ", — деп тақырыпқа нүкте қойды әнші.