20-қыркүйекте Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20-қыркүйекте Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

20-қыркүйекте Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

20-қыркүйек, сенбі күні таңертеңгі сағат 7-де барлық сайлау учаскелері республикалық мәслихат депутаттарын сайлау үшін сайлаушыларға өз есігін айқара ашады,- деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі 3322 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың 550 депутаты, аудандық мәслихаттардың 2147 депутаты, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты сайланады. Қазақстан бойынша 9,5 мың сайлау учаскесінде дауыс беріледі .

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттықтан үміткер 7026 адам тіркелді.
Облыстық мәслихаттарға 1635 адам сайлауға түседі. Тіркеу аяқталғаннан кейін 178 адам өз өтініштері бойынша сайлауға қатысудан бас тартты. Сайлау комиссияларының шешімімен 2 кандидат тіркеуден алынды. Сайлау комиссиялары мен сот шешіміне сәйкес 4 кандидатты тіркеу қалпына келтірілді.
Аудандық мәслихаттарға 3478 кандидат тіркелген. Тіркеу аяқталғаннан кейін 203 адам өз өтініштері бойынша сайлауға қатысудан бас тартты. Сайлау комиссияларының шешімімен 2 кандидат тіркеуден алынды. Сайлау комиссиялары мен сот шешіміне сәйкес 9 кандидатты тіркеу қалпына келтірілді.
Қалалық мәслихаттарға 1913 кандидат тіркелді. Тіркеу аяқталғаннан кейін 162 адам өз өтініштері бойынша сайлауға қатысудан бас тартты. Сайлау комиссиялары мен сот шешіміне сәйкес 5 кандидатты тіркеу қалпына келтірілді.
19-қыркүйек күнгі жағдаймен ҚР Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңының талаптарын бұзуға байланысты азаматтардан 322 арыз-шағым түсіп, олардың 217-сі қаралып, нақты дәйектемелі жауап қайтарылды. Қазір 51 арыз қаралу үстінде.
Депутаттықтан кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 18-қыркүйекте 24 сағатта аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясындағылардың атап көрсетуінше, 19-қыркүйек күнгі 12 сағаттағы жағдаймен үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан кейін үгіт жүргізу туралы арыз -шағым түскен жоқ.
Тұтастай алғанда, сайлау науқаны барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының мәслихат депутаттығынан кандидаттарды тіркеуден бас тартуына немесе тіркеу туралы шешімді алып тастауына байланысты 150 іс қарады.