ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің таяудағы 5 жылдағы басты мақсаты - зейнетақы мөлшеріне қойылған шектеуді қайтадан қарау болмақ - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің таяудағы 5 жылдағы басты мақсаты - зейнетақы мөлшеріне қойылған шектеуді қайтадан қарау болмақ - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің таяудағы 5 жылдағы басты мақсаты - зейнетақы мөлшеріне қойылған шектеуді қайтадан қарау болмақ - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова жұма күні жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралады. Зейнетақы мөлшерін жіктей арттырғаннан кейін министр алғаш рет ат басын тіреген еліміздегі бірінші аймақ осы Солтүстік Қазақстан облысы болды.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 850
Фото - Caravan.kz

Жұмыс сапарының алғашқы күні министр Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Анатолий Смирновпен жүздесіп, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментін аралады. Сондай-ақ, Г.Қарағұсова тұрақты баспанасы жоқ адамдарды бейімдеу орталығы, ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат-үй мен Шамиль Шақшақбаев басқаратын кемтар балаларға арналған мектеп-интернатта болды. Облыстық әкімшілікте өткен қорытынды кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі аталған әлеуметтік нысандардағы тауқыметтерді өзінің төтенше бақылауына алғанын хабарлады.

Сол күні Г.Қарағұсова Петропавлдағы ардагерлік ұйымдардың белсенділерімен жүздесіп, онда таяуда жүзеге асырылған зейнетақы мөлшерін жіктей арттыру мәселесі жөнінде әңгіме өрбіді. Жиналғандар зейнетақы мөлшерін арттыру әдістемесі туралы ақпаратпен танысып, жалпы республика және аймақ бойынша кейбір сан-деректермен танысуға мүмкіндік алды.
Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша зейнетақы мөлшері арттырылғанға дейін 15443 адам 5000 теңгелік зейнетақы алып келсе, ендігі жерде бұл сан 71-ге дейін азайған. Ал 9810 теңгелік ең жоғары зейнетақыны қазір 110 емес, 26069 зейнеткер алуда. Сонымен қатар, тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінен министрлікке зейнетақы мөлшерін арттыру жөнінде 14000 зейнеткердің ісі келіп түскен. Г.Қарағұсованың айтуынша, қазіргі жағдаймен олардың 5000 бойынша зейнетақы мөлшерін дифференциациялық арттыру жөнінде шешім қабылданыпты. Сөйтіп, министр зейнетақы істерін қарауда техникалық қателіктерге жол берілгенін мойындай отырып, дейтұрғанмен бұл жалпы әдістеменің терістігіне дәлел бола алмайды деп атап көрсетті. «Еңбек өтілі жоғары әрі сол мерзімде жоғары жалақы алған адамдар соған лайықты жоғары зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс екені анық»,- деді министр.
Солтүстік Қазақстандық зейнеткерлер «Ардагерлер туралы заң», дербес зейнеткерлердің, тыл қызметкерлерінің, әскер мен теңіз флоты зейнеткерлерінің ахуалы, зейнетақыны үйге жеткізіп беру қиындықтары тәрізді сан-салалы сауалдарын Г.Қарағұсоваға жаудырды.
Г.Қарағұсованың хабарлауынша, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнеткерлерді қорғаудағы таяудағы 3- 5 жылдағы басты мақсаты — зейнетақы мөлшеріне қойылған шектеуді қайтадан қарау болмақ. «Зейнетақы мөлшерін айлық есеп көрсеткішімен емес, ең төменгі жалақы мөлшерімен сабақтастыру керек»,- деп қорытты министр өз сөзін.