Елбасы әлемдің діндер мен конфессиялар өкілдеріне діндер форумын тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы әлемдің діндер мен конфессиялар өкілдеріне діндер форумын тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныс білдірді

Елбасы әлемдің діндер мен конфессиялар өкілдеріне діндер форумын тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныс білдірді

"Мен әлемдің діндер мен конфессиялар өкілдеріне діндер форумын тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныс білдіремін",- деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 23-қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайында сөйлеген сөзінде.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 558
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының пайымдауынша, мұндай институттың негізін қалау дінаралық диалогтың тұғырын бекітіп, дін қайраткерлері мен діндарлар арасындағы конструктивті байланысты жүйелі сипатқа көшірмек.

ҚР президентінің айтуынша, болашақта бұл дүниежүзіндегі дінаралық шиеленісті азайтуды мұрат тұтып, бейбітшілік сүйгіштік пен төзімділікті, рухани байлықты насихаттаушы халықаралық ұйымға арқау болуы ықтимал.
«Өзара тұрақты диалог орнатудың құндылығы сонда, ол өзара қарама-қайшылықтың молдығына қарамастан солардың арасынан баршаға ортақ алтын діңгекті табудың маңызын сақтап қалады»,- деді президент.
«Ең бастысы, диалог — ашықтық пен үйлесімділік сәтін, бейбітшілік пен келісім территориясын құруға негіз болады. Дінаралық диалогтың бір құндылығы осыда деп білемін»,- деді Қазақстан жетекшісі.
«Біз Діни төзімділік Хартиясының жобасын жасауда алғашқы қадамдар жасай аламыз. Бүгінде діндердің бейбіт қатар өмір сүру принциптерін тізбелеумен ғана шектелмей, олардың арасында конструктивті диалогтың қажеттігін нақты дәлелдей алатын құжат айрықша қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасының пікірінше, «Біз діндердің Біртұтас мәдени орталығын құру туралы мәселенің шешімін ойластыра аламыз. Біраздан бері көпті толғандырып жүрген осы идеяны іске асыру қажеттігі туындады». «Егер дін қайраткерлері бұл істі бізге сеніп тапсырса, біз өздеріңіздің қатысуларыңыз және қолдауларыңызбен осынау маңызды әрі көкейкесті мәселені шешуге бел шешіп кірісе аламыз»,- деді Н.Назарбаев.
«Мен бүгінгі рухани жетекшілердің басты миссиясы — өз сенім-нанымын жұртшылыққа ешбір бұрмалаусыз, боямасыз таза күйінде жеткізу, сенім -нанымды қырғиқабақтықтан, өшпенділік пен ғадауаттан, ашу-ызадан ада, бейкүнә күйде жеткізу деп білемін»,- деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар