Діндер, өркениеттер мен мәдениеттер диалогын одан әрі жалғастырудың маңызы зор - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діндер, өркениеттер мен мәдениеттер диалогын одан әрі жалғастырудың маңызы зор - ҚР президенті

Діндер, өркениеттер мен мәдениеттер диалогын одан әрі жалғастырудың маңызы зор - ҚР президенті

"Көптеген саяси және дін қайраткерлерінің күш-жігерімен сонау бағзы замандардан күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан діндер, өркениеттер мен мәдениеттер диалогын одан әрі жалғастырудың маңызы зор". Бұл туралы бүгін, 23-қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қажеттілік қазіргі таңда әртүрлі халықтар, діндер, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүру және өзара конструктивті ықпалдастығын қалыптастыру мәселесінің маңызы артуымен етене сабақтас. «Бұл теориялық аядан нақты тәжірибелік маңызды міндеттер қатарына ауысты»,- деді Н.Назарбаев.

Осыған байланысты Елбасының пікірінше, «қазіргі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға тек дүниежүзілік өлшемде ғана емес, сонымен бірге аймақтық және бір мемлекет аясында терең сындық көзқараспен талдау жасау қажет».
«Бұл талдау бір сөзбен айтқанда «бидайықты бидайдан ажыратуға» септігін тигізіп, адамзат қоғамын болашақта әртүрлі саяси, экономикалық, діни, әскери экстремизмнен құтқаруға қолғабыс болмақ «,- деп пайымдайды Н.Назарбаев.
«Бұл талдау бүгінде дүниежүзін жайлап алған «әртүрлі қарапайым шешімдерге» қызығушылықтан, адамшылыққа жат сан алуан әрекеттерден құтқаратын маңызды құралға айналатынына дау жоқ «,- деді презтидент.