“Айғайлап жынын шақырып отыр” - Түркияда айғайлап ән салған Бекболат Тілеухан сынға ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Айғайлап жынын шақырып отыр” - Түркияда айғайлап ән салған Бекболат Тілеухан сынға ілікті

“Айғайлап жынын шақырып отыр” - Түркияда айғайлап ән салған Бекболат Тілеухан сынға ілікті

Қаңтар айынан бері Түркияда тұрып жатқан Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеуханның Анадолы елінде ән салып отырған видеосы тарады.

  • 1 Тамыз 2022
  • 1451
Фото - Caravan.kz

Видеодан Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салып отырғанын байқауға болады. Бірақ оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнаған жоқ. Көбісі, соңғы кездері ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаевтың айыптауларын айтқан. Яғни, ол бұған дейін Бекболат Тілеухан қауымдастықты басқарып тұрғанда, осы ұйымға бөлінген 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны Қайрат Сатыбалды алды деген болатын.

"Жынын шақырып отыр", "Миллиард қайда деп сұрай салындаршы", "Түркия — қазақтардың қашып баратын екінші отаны болды ғой", "Негізі мықты артист екен", "Ұялмай ән шырқап жүр", "Танымаймыз, танығымыз да келмейді",- деп пікірді оқша боратты.