"7 айдың қорытындысы бойынша 296 мың адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 55 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылса, 45 пайызы уақытша жұмыс орнына тұрған. Жұмысқа орналасқандардың 34 пайызы жастар болса, 66 пайызы – 29 жастан жоғары адамдар. Жыл басынан бері 154 мың бос жұмыс орны құрылған", — деп атап өтті министр.