2002-жылдың 19-желтоқсанында облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы «Атырау қаласы үшін ПДС және ПДВ жобасының жинақ томын жасау» атты жоба бойынша мемлекеттік сатып алу мақсатында байқау өткізген. Байқау қорытындысы бойынша Алматыдағы ЖШС-тердің бірі жеңімпаз деп танылды. Келісім-шартының құны 3,7 млн. теңгені құрады.
Алайда, тексеру барысында белгілі болғанындай, облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасының бастығы тендер жеңімпазының есебін табиғат қорғау шараларының жұмыс жоспарын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармамен келіспей қабылдап, қызмет бабын асыра пайдаланғандығы анықталды. Соның салдарынан қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне айтарлықтай нұқсан келген. Тиісінше, 3,7 млн. теңге көлеміндегі басқарма ақшасы ЖШС есепшотына заңсыз аударылды.
Аталмыш дерек бойынша Атырау облыстық қаржы полициясы департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің «Лауазымдық құқығын асыра пайдалану » жөніндегі 308 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу басталды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр