БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-сессиясы аясында ҚР сыртқы істер министрі бірқатар елдердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-сессиясы аясында ҚР сыртқы істер министрі бірқатар елдердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен кездесулер өткізді

БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-сессиясы аясында ҚР сыртқы істер министрі бірқатар елдердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен кездесулер өткізді

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас пәтерінде өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-сессиясы аясында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Канада, Малайзия, Филиппины, Үндістан, Италия, Польша, Кипр, Бельгия, Корея Республикасы және Палестинаның сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 510
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастық және қазіргі заманғы әлемдік тәртіпке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Өзінің Канадалық әріптесімен болған әңгіме барысында Қасымжомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылғы мамырдағы Канадаға сапары барысында қол жеткізілген сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызына баса назар аударды. П.Грэмге 2004-жылы Канадада Қазақстан елшілігін ашуға шешім қабылданғандығы туралы хабарланды. Бұл — екі ел арасындағы әр саладағы байланыстарды өрбітуге түрткі болатыны анық.
Ал Филиппины сыртқы істер министрімен болған әңгімеде ҚР Елбасының биылғы қараша айына белгіленген Филиппины еліне ресми сапарына дайындық барысы туралы талқыланды. Тараптар, бірқатар маңызды келісімдерге қол қоюға негіз болатын бұл сапар Қазақстан-Филиппины қарым-қатынастында жаңаша бетбұрысты сәт болатынын атап көрсетті.
Ал Малайзия сыртқы істер министрімен екеуара әңгімеде Қ.Тоқаев 2003-жылдың қазан айында Куала-Лумпурда өтетін Ислам Конференциясы Ұйымының саммитіне қазақстандық өкілдердің қатысуы туралы әңгіме қозғады.
Кипр және Палестина сыртқы істер ведомстволары басшыларымен кездесуде Кипр проблемасы мен таяу Шығыстағы шиеленісті реттеу мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев Кипр мәселесін БҰҰ-ның қатысуымен саяси үнқатысу негізінде шешу қажеттігін атап көрсетті. Ал Таяу Шығыстағы мәселеге қатысты әңгіме қозғаған Қ.Тоқаев Палестина-Израиль шиеленісін реттеу үшін Палестина заматтарының Израиль аумағына еркін жүріп-тұруына жол ашатын «жол картасы» деп аталатын келісімді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.
Ал Италия, Үндістан, Корея, Бельгия және Польша сыртқы істер министрлерімен келіссөзде Қазақстанның осы елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейту туралы пәтуа жасалды.