Мәжіліс спикері мен Жапония елшісі екі ел парламенттерінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері мен Жапония елшісі екі ел парламенттерінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Мәжіліс спикері мен Жапония елшісі екі ел парламенттерінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Бүгін, 26-қыркүйекте Астанада мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзакиді қабылдады,- деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 422
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қазақстан-Жапония парламентаралық қарым-қатынастары пәрменді дамып келе жатқанын және оның тиімділігін атап өтіп, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында екі елдің заң шығарушы органдарының ынтымақтастығын орнату жолдары мен оның болашағы туралы әңгіме қозғады.

Елші мәжіліс төрағасына өзінің Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары мен осы өңірде өткізілген арнаулы медициналық конференция туралы хабарлама жасады. Жапония елшісі аталмыш жұмыстың нәтижесінде Жапония үкіметі Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мерзімін тағы да екі жылға созғандығы туралы хабарлады.

Перейти к новостям спорта