Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Дархан Шомпайұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы, Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
- Еңбек жолын 2003 жылы ШҚО статистика департаментінің бас маманы болып бастады.
- 2005-2011 жылдары Тарбағатай аудандық статистика басқармасының басшысы болған.
- 2011-2015 жылдары аралығында Ұлан аудандық статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2015-2019 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
- 2019-2021 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.