Алматыда есірткіге мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткіге мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Алматыда есірткіге мас күйінде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде автобус жүргізген. Жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  • 12 Тамыз 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, №118-ші бағыттағы қоғамдық көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылған.

«Тәртіп сақшылары әрекеті күдік туғызған жүргізушіні тоқтатып, оны медициналық куәландырудан өткізуге апарды. Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады»,- деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полиция өкілінің айтуынша, жүргізуші қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді.

«Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды»,- дейді ол.


Сонымен қатар автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

«Сондай-ақ, есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні жолаушы тасымалдауға рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды»,- деді Дәулет Сейітқұлов.