Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай

Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай


Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • 12 Тамыз 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін тани алатын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Ондай камераны мүмкіндігінше төмен орнату ұсынылып отыр.

Сонда адамның бет-бейнесі анық түседі. Сондай-ақ, адамдардың жасырыну мүмкіндігі барынша аз болатын ракурс таңдалады. Ал бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады. Олар:

тәуелсіз параметрмен қос ағынды қолдау;

4 метрден тану дистанциясы кезінде – 1920х1080 пиксельден кем емес, ал 4 метрге дейін тану дистанциясы кезінде — 1280х720 пиксельден кем емес;

кадр жиілігі – секундына 25 кадр;

тұрақты тоқ — 12 вольт;


көшедегі бейнекамералар үшін — 45 градус +55 градус, ал іште орнатылатын бейнекамералар үшін 0-ден +55 градусқа дейін.

Бұдан бөлек, адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар:

бейнедегі тұлға алдыңғы қатарда тұруы;

бастың айналуы, қисаюы және ауытқуы кез-келген бағытта 5 градустан төмен болуы;

жарықтың бетіне біркелкі түсуі;

адам кескіннің кем дегенде 60 процентін алуы.

Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды. Камераларды орнату кезінде үй-жайлардың иелерінен рұқсат алынады.

Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.