Маңғыстау тұрғыны мысығын жерлеп, басына граниттен құлпытас орнатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау тұрғыны мысығын жерлеп, басына граниттен құлпытас орнатқан

Маңғыстау тұрғыны мысығын жерлеп, басына граниттен құлпытас орнатқан

Әлеуметтік желіде басына құлпытас орнатылған мысықтың «зираты» көрсетілген видео таралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

  • 14 Тамыз 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

aqtau_live порталының хабарлауынша, бұл жағдай Түпқараған ауданының аумағында болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода құмды алқапта орналасқан мысықтың бейіті көрсетілген. Өлген жануардың иесі оған граниттен арнайы құлпытас дайындатып, суретін салғызып, тіпті «Маркиз» деп атын да жазып қойыпты.

Соған қарағанда «Маркиздің» қожайыны мысығын көзі тірісінде қатты қадірлегенге ұқсайды.

Құлпытастың алдыңғы жағы ағаш қоршаумен қоршалып, ішіне мысықтарға арналған ас қойылыпты.


Әлеуметтік желі қолданушылары «Әркім өзі біледі ғой», «Руын жазбапты», «Қазіргі заманда адамнан ит мысық адал» деген сияқты жазбалар қалдырған.