Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті

Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті

Жергілікті "Ақ Жайық" порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, 13 тамызда сағат 14:50 шамасында 11 жастағы қыз Құрманғазы ауданының Хиуаз ауылындағы Шароновка өзеніне батып кеткен.

  • 14 Тамыз 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Екі сағаттан кейін ТЖД, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар кәмелет жасына толмаған баланы іздеуге кірісті.

Қыздың денесі бүгін таңертең таңғы сағат тоғыздар шамасында табылды.