Алматыда Германия экономикасының күндігі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Германия экономикасының күндігі өтеді

Алматыда Германия экономикасының күндігі өтеді

Қыркүйектің 29-30-жұлдызында Алматыда Германия экономикасының Қазақстан Республикасындағы күндігі өтеді.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 424
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысу үшін келген Германия өкілдерімен кездесу барысында қала әкімі Виктор Храпуновтың атап көрсеткеніндей, 2003-жылдың 7 айында Алматы мен Германия арасындағы сауда айналымы 6 процентке өсіп, 130 млн. долларды құраған. Тек оңтүстік астананың өзінде 200 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың арасында неміс капиталымен құрылғандары да бар. Жалпы алғанда, Алматы мен Қазақстан осы елдегі Германия инвестициясының артуынан, сондай-ақ, осында неміс технологиясының әкелінуінен мүдделі.

Саксонияның экономика және ынтымақтастық департаментінің бас директоры Маркус Латштың айтуынша, Германия экономикасының Қазақстан Республикасындағы күндігіне Төменгі Саксония өлкесінің 70-тен астам кәсіпорны, соның ішінде машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, әйнек және керамика өндірушілері қатысады. Сондай-ақ, шараға, құрамына 300-ден астам әртүрлі кәсіпорындарды қамтитын Германияның Федералдық өнім өндірушілер бірлестігінің өкілдері қатысады. Күндіктің Алматыдағы шаралар аясында іскерлік байланыстар орнатуға арналған салааралық кооперациялық биржа өтеді.
М.Латш екі ел компанияларының өкілдері өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін көзбе-көз талқылап, өзара тың байланыстар орната алады дегенге сенім білдірді.