Петропавлды жылумен қамтамасыз етуші "Аксесс Энерго теплотранзит" компаниясы жылу бағасы қымбаттағанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлды жылумен қамтамасыз етуші "Аксесс Энерго теплотранзит" компаниясы жылу бағасы қымбаттағанын хабарлады

Петропавлды жылумен қамтамасыз етуші "Аксесс Энерго теплотранзит" компаниясы жылу бағасы қымбаттағанын хабарлады

Петропавлды жылумен қамтамасыз етуші "Аксесс Энерго теплотранзит" компаниясы жылу бағасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменті бұрынырақ бекіткен бағадан қымбаттау, тұрғын үйдің 1 шаршы метріне 52 теңгелік жаңа тариф белгіленгенін хабарлады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментінің директоры Олег Пономарев хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 488
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменті 1 шаршы метрге 48 теңгенің құрайтын жаңа тарифті жариялаған болатын. Сөйтіп, өткен жылыту маусымымен салыстырғанда жылу бағасы 3 процентке қымбаттады. Алайда, «Аксесс Энерго теплотранзит» компаниясы тұрғын үйдің 1 шаршы метріне 52 теңгелік жаңа тариф белгіленгені туралы облыстық ресми баспасөзде хабарландыру жариялады.

Бұл жаңалық туралы түсініктеме берген «Аксесс Энерго теплотранзит» компаниясының директоры Қанат Дүйсехановтың айтуынша, өткен жылыту маусымында «Аксесс Энерго теплотранзит» сол кездегі жылу тұтыну нормасын 7 процентке жеңілдетіп, бұл туралы қала және облыс басшылығына хабарлаған көрінеді. Ал қазір 1 шаршы метріне 0,003 гигакалорияны құрайтын бұрынғы жылу тұтыну нормасына кері оралу жөнінде шешім қабылданыпты. Соның нәтижесінде тарифтің 2,9 проценте қымбаттауын ескергенде, 1 шаршы метрдің жылу төлемі 52 теңгеге жетіп отыр.
О.Пономаревтің айтуынша, «өткен жылыту маусымында бекітілген 1 шаршы метрге 0,0279 гигакалория мөлшеріндегі жылу тұтыну нормасы «Севгражданпроект» институтының есептері бойынша белгіленген. Ал жылыту нормасына жеңілдік белгілеу деген бұрын-соңды болмаған құбылыс». Сондай-ақ, оның пікірінше, монополист тарапынан мұндай шара қолдану- заңсыз, өйткені, республика үкіметінің қаулысына сәйкес, коммуналдық төлем ақысы 2003-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен қолданыста болған нормалар бойынша , яғни, 0,0279 гКал мөлшерінде белгіленуі тиіс.
Қазір Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменті монополист пен үкімет қаулыларының орындалуына бақылау қоюға міндетті қала әкімшілігінен түсініктеме талап етпек.