Ал қалған 70 компьютерді мұнай компаниясы ауыл мектептеріне сыйлық ретінде ұсынуды жоспарлады. Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, «CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның басшылығы бұл шараны мұғалімдер күніне орайластырып отыр.
Жалпы құны 1 млн. теңгені құраған компьютерлер Қытай мұнай компаниясының қаржысына сатып алынды. Бұл қаржыны кәсіпорын Ақтөбе облысы әкімшілігі мен «CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында бөлуге міндеттеме жүктеп алған болатын.
Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, осы меморандумға сәйкес кәсіпорын мектептерді жөндеуге қаржы жұмсап, 2000-жылы кедей отбасылардың дарынды балалары мен оқу озаттарын, жас мамандарды оқыту үшін 1 млн. доллар көлемінде қаржы бөліп «Арнайы білім беру қорын» құрған. Аталмыш қордың қаржысы есебінен қазір 35 адам Пекиндегі мұнай университетінде, сондай-ақ, 5 бала Қазақстан және Ресейдің жоғары оқу орындарында оқып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Жаңалықтар
30 Сәуiр