Қай өңірде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қай өңірде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті?

Қай өңірде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті?

Биыл шілде айында кеңсе тауарларының бағасы бір жылда 12,3%-ға өсті.

  • 18 Тамыз 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлер бойынша шолып шықсақ, Түркістан облысының тұрғындары бағаның өсуін барынша сезінді. Ол жақта 50,1%-ға қымбаттаған. Баға Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматыда (14,5%) айтарлықтай өскен.

Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Жамбыл облысында тіркелген екен — 1,2%.

Мысалы, сурет салуға арналған альбомның бағасы бір жылда 14,1%-ға өсті, қалам 13,2%-ға, түсті қарындаштар жиынтығы 12,1%-ға, дәптер — 12%-ға, А4 форматындағы қағаз-10,6%-ға қымбаттады.

Жалпы, биыл шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі бір жылда 7,1%-ға, орта білім беру 6,8%-ға, кәсіптік орта білім беру 11,7%-ға, жоғары білім беру 17,7%-ға, ересектерге арналған білім беру 10,7%-ға қымбаттаған.


Өңірде білім беру қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Атырау (50%-ға), Павлодар (19,4% — ға) және Шығыс Қазақстан (19,1% — ға) облыстарында байқалды.