Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ІМ мәліметінше, ер адам 15 тамызда тұтқындалды.
"Кәмелетке толмаған балаларды зорлады деген күдікпен республикалық іздеуде болған Қазақстанда тыйым салынған "Таблиги Джамаат" діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы – Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны А. ұсталды", — делінген хабарламада.
Күдікті ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынған.
Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін ер адам Қарағанды облысының уәкілетті органдарына тапсырылады.