Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады - Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады - Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы

Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады - Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы

Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады. Бұл туралы бүгін, 1-қазанда Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы Айдар Дәулетов мәлімдеді.

  • 1 Қазан 2003
  • 651
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір Қазақстан IT-технологияларды ұрлау кеңінен таралған 10 елдің қатарында. А.Дәулетовтың пікірінше, бұл — республикада өз бағдарламаларымыз бен жүйелерімізді өндірумен айналысатын ірі компаниялар мен фирмалардың жоқтығынан болмақ.

Алайда, А.Дәулетовтың хабарлауынша, алдағы уақытта бұл ахуал өзгеруі тиіс. 2003-жылдың тамызында компьютерлік техниканы құрастырумен айналысатын 17 компания Алматыда «бағдарламалық қамсыздандырушыларды өндірушілердің авторлық құқығын қорғау жөніндегі декларацияға » қол қойған.
Ал Ресей мен Украинада компьютерлік қарақшылық деңгейі 80 процентті құрайды. Қазіргі таңда қарақшылық өнімдерді ең аз мөлшерде пайдалану дерегі АҚШ-та тіркеліп отыр, мұндағы қарақшылық көрсеткіші 24 процентке жетеді.