Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды", — делінген хабарламада.
Бұл қаражат соттың мүдделі тарап пайдасына оң шешім шығаруы үшін арналғаны айтылған. Жоғарғы Сот мәліметінше, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
ҰҚК Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.