Айгүл Орынбек Бекболат Тілеухан туралы: “Халықтың санасын улап алып, “халықтың санасы төмен” деп көпіріп отыр” - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек Бекболат Тілеухан туралы: “Халықтың санасын улап алып, “халықтың санасы төмен” деп көпіріп отыр”

Айгүл Орынбек Бекболат Тілеухан туралы: “Халықтың санасын улап алып, “халықтың санасы төмен” деп көпіріп отыр”

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек экс-депутат Бекболат Тілеуханның сұхбаты туралы пікір білдірді.

  • 22 Тамыз 2022
  • 3282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Халықтың санасын улап алып, “халықтың санасы төмен”, деп көпіріп отыр!
“Ұлттық идеологияны көтеру керек”, деп қапты!
Елде жүргенде Ұлттық идеологияны көтерсе қолынан кім ұстап отырыпты?
Асыл арнаны таңнан кешке дейін қосып қойып, ұлттық идеологияны жоқ қылған жоқ па?
Халықты зомби қылып басқарғысы келген өздері емес пе?
“Жат ағымдар жайлы үнемі айтып жүрдім”,- деп қалай өтірік айтып отыр? Мен сияқты ешкім ашық күрескен жоқ деп отыр!
Қашан күресіп жүр, жат ағыммен күрескен видеосы бар ма?

Сөзі мен ісі қабыспайтын адам осындай болады…", — деп жазды Айгүл Орынбек.