Доллар бағасы арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бағасы арзандады

Доллар бағасы арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

  • 22 Тамыз 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz


Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 473,99 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 20-22 тамыздағы ресми бағамы — 476,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 474,90 теңге, сату — 479,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,10 теңгеден сатып алынып, 477,21 теңгеден сатылып жатыр.