Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік көшенің қақ ортасында жанып кетті.

  • 22 Тамыз 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 10:00-дің шамасында Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесімен келе жатқан көлік Іле көшесінің қиылысындағы бағдаршамға тоқтаған кезде өртке оранды.

"Volkswagen Passat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Көлік толығымен жанып кетті ", — дейді құтқарушылар.


Оқиға орнына бес өрт сөндіруші барды. Олар қысқа уақыттың ішінде өртті сөндірді.