Еуро 20 жылда алғаш рет доллардан арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро 20 жылда алғаш рет доллардан арзандады

Еуро 20 жылда алғаш рет доллардан арзандады

 

  • 23 Тамыз 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

 Халықаралық сауда-саттық нарығында еуро бағамы доллармен салыстырғанда жаз басталғалы осымен екінші рет тепе-теңдік деңгейден төмен түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні кешке бірыңғай еуропалық валюта бір пайыздан астамға арзандап, 20 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Рекордтық құлдырау факторларының бірі – әлемдегі энергетика дағдарысы және Солтүстік ағын арқылы газ жеткізіліміндегі кідірістер, сондай-ақ АҚШ федералды резерв жүйесінің инфляцияны ауыздықтау бойынша белсенді әрекеттері.


Сондай-ақ Еуропада британдық фунт және венгр форинты сияқты валюталардың бағамы төмендеді.