Ресейлік журналисті жарып жіберген күдікті Мәскеуде қазақстандық төлқұжатты пайдаланған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік журналисті жарып жіберген күдікті Мәскеуде қазақстандық төлқұжатты пайдаланған

Ресейлік журналисті жарып жіберген күдікті Мәскеуде қазақстандық төлқұжатты пайдаланған

Журналист және саясаттанушы Дарья Дугинаның өліміне күдікті Наталья Вовк Мәскеудегі гаражды жалға алу кезінде Қазақстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған.

  • 25 Тамыз 2022
  • 1418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Газета.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, Вовк өлтірілген үйдің жанында гаражды жалға алған. Ол гаражды ағасына керек деп мәлімдеді.

"Вовк гараждың иесіне Юлия Зайко есімді қазақстандық төлқұжатты пайдаланған", — деп жазылған дереккөзде.


Ресейлік журналист әрі саясаттанушы Дарья Дугина 20 тамыз күні көліктің жарылысынан қайтыс болған болатын.