Қазақ киносына Чех көрермендері үлкен қызығушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ киносына Чех көрермендері үлкен қызығушылық танытты

Қазақ киносына Чех көрермендері үлкен қызығушылық танытты

Прага қаласындағы “Атлас" (ATLAS) тарихи кинотеатрында Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің және ҚР ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік Орталығының қолдауымен Қазақстандық кино күндері өтті.

  • 26 Тамыз 2022
  • 50
Фото - Caravan.kz

Фильм көрсетіліміне дипломатиялық корпус өкілдері, БАҚ, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен Чехия тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Кинокөрсетілімде көрермендерге қазақстандық кинематографистердің екі жұмысы ұсынылды – “Патриоттар уақыты" (режиссер С.Өтепбергенов), "Зере" (режиссер Д. Қамшыбаев). Көрсетілімдерді ашқан Қазақстандық дипломаттар Чех аудиториясына ілтипат білдірді: “Мәдени ынтымақтастық, сөзсіз, елдер арасындағы барлық саладағы өзара іс-қимылды кеңейтудің кілті. Бүгінгі іс-шара Чех киносын сүйер қауымға қазақстандық мәдениет, біздің тарихымыз бен дәстүрлеріміз туралы білуге тамаша мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандық кино күндерін өткізе отырып, біз қазақстандық және Чех халықтарын жақындастыруға ұмтыламыз”.

Мәдениет министрлігінің халықаралық департаменты директоры Петр Хниздо өз сөзінде: "Казақстандық кино күндері-Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін бағалау үшін әріптестерімен және достарымен бірге жиналудың тамаша мүмкіндігі. Осындай маңызды іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деп сенемін, өйткені олар Қазақстан мен Чех халқын жақындастыратын көпір болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан-Чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мүлдем жаңа деңгейге шықты және біздің әлеуметтік жобаларымыздың маңызды бөлігіне айналды. Біз қазақ және Чех мәдениетімен байланысты көптеген мәдени жобаларды қолдадық, мәдениет арқылы рухани байланыстарды қолдай отырып, болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуына үлес қосуды жалғастырамыз".

Прагаға сапары аясында Қазақстан ұлттық киносын қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері Чех Республикасының бірқатар продюсерлік орталықтарымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. Прагадағы қазақстандық кино күндерінің соңында Чех Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз конференциясы өтті.