Қазпоштаның барлық қызметі тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазпоштаның барлық қызметі тоқтатылады

Қазпоштаның барлық қызметі тоқтатылады

Қазпоштаның барлық қызметі тоқтатылады.

  • 26 Тамыз 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазпошта" АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады.

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, "Касса24" терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады", — делінген ресми хабарламада.

Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес беріп отыр.


"Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді "Қазпошта" АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", — дейді мамандар.