Маңғыстауда сұйытылған газ бағасын өсіріп, заңсыз табыс тапқандар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда сұйытылған газ бағасын өсіріп, заңсыз табыс тапқандар анықталды

Маңғыстауда сұйытылған газ бағасын өсіріп, заңсыз табыс тапқандар анықталды

Маңғыстау облысындағы жанармай құю станцияларының иелері ТМД нарығында сұйытылған мұнай газы бағасын заңсыз өсірген.

  • 26 Тамыз 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәліметінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс прокуратурасы сұйытылған мұнай газ нарығындағы заңдылықтық жай-күйіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде сұйытылған мұнай газы бағасын бір мезгілде көтеру түрінде бәсекелестікке қарсы келісім деректерін анықтаған.

"Прокурорлық ден қою нәтижесі бойынша 54 автогазқұю станцияларының иесіне, сондай-ақ газ өңдеу зауытына айыппұл салынып, 60 миллион теңгеден аса сомаға монополиялық табыс тәркіленді.

Бұдан басқа, арнайы бағдарламалардың көмегімен электрон сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған мұнай газы нарығындағы субъектілердің сөзбайласуы анықталды", — делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылған. 

Соңғы жаңалықтар