Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр

Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр

2023-2025 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4-4,1 пайыз деңгейінде болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

  • 27 Тамыз 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға, сондай-ақ ағымдағы жағдайда экономиканы сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. 2023-2025-ші жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 — 4,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2025-ші жылға қарай 3-4 пайызға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр», — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, Республикалық бюджет кірістері 2023 жылы 3 трлн теңгеге немесе биылға қарағанда 27 пайызға ұлғаяды.


«Осылайша, республикалық бюджет кірістерінің жоғары деңгейде өсу қарқынын қамтамасыз етіп отырмыз», — деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2024 жылдың соңына қарай инфляция нысаналы дәлізде болатынын айтты.