Қытайда тұрғындар аспандағы ерекше құбылысқа таңғалды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда тұрғындар аспандағы ерекше құбылысқа таңғалды (видео)

Қытайда тұрғындар аспандағы ерекше құбылысқа таңғалды (видео)

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунинг қаласының тұрғындары сирек кездесетін және ерекше әдемі табиғат құбылысының куәсі болды. Олар түрлі түске боялған бұлт үйіндісінің көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CGTN порталына сілтеме жасап.

  • 27 Тамыз 2022
  • 392
Фото - Caravan.kz


Видеодағы құбылыс – Пилеус бұлтының көрінісі. Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады. Олар өте динамикалық түрде пішінін тез өзгертеді. Ал Қытай аспанында пайда болған бұлттың бұл көрінісі күн сәулелері су тамшыларында түскен соң, ол кемпірқосақ әсерін тудырып, бұлттарға сондай түс берген.