Бүгін Семей қаласында Бейбітшілік аралында «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Осылайша, семейліктер дәстүрлі түрде Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандарды еске алды.
Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев атап өткендей, бейбіт атом кез келген мемлекет дамуының негізгі векторына айналуы тиіс және Қазақстан 30 жыл бұрын бүкіл әлемдік қоғамдастыққа гуманизм мен ядролық қарусызданудың жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шара соңында «Өлімнен де күшті» монументіне құрмет қарауылының қатысуымен гүл шоқтары қойылы