Ирактағы наразылық кезінде 20 адам қаза тауып, 200 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактағы наразылық кезінде 20 адам қаза тауып, 200 адам жараланды

Ирактағы наразылық кезінде 20 адам қаза тауып, 200 адам жараланды

Ирак астанасында Шиит имамы Муктада ас-Садр саясаттан кететінін жариялағаннан кейін оның жүздеген жақтастары наразылық шерулерін ұйымдастырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразылықтардан 20 адам қаза тапқан.

  • 30 Тамыз 2022
  • 288
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар үкімет сарайы мен шетелдік елшіліктер орналасқан жасыл аймаққа шабуыл жасаған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, үкіметтің "жасыл аймақта" орналасқан сарайын қазіргі режимнің қарсыластары басып алған.

Al Hadath телеарнасы бірлескен қолбасшылық 29 тамызда Ирак астанасында коменданттық сағат енгізгенін хабарлады.

Reuters қақтығыстарда шамамен жиырма адам қаза тапқанын айтады. Тағы екі жүзге жуық адам жарақат алған. Сондай-ақ қақтығыс болған аймақта пулеметтер мен жарылыстың дауысы естілгені айтылады.


Қазіргі уақытта Бағдат қаласына әскер кіргізіліп, елде коменданттық сағат жарияланды, наразылық шерулерінің салдарынан 30 тамызда жұмыс шығуға тыйым салынды.