Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жақында Стамбул қаласында менің балам мен келінім мұсылманша неке қию рәсімі өткен болатын. Бірақ бізде үлкен тойдың бәрі алдыда болмақшы. Бұл ерекше той болады. Үлкен той болады деп жоспарлап отырмыз. Ең бірінші ерекшелігі — Стамбулада болады. Оны бәріңіз біліп отырсыздар. Бүгін балам мен келінім заңды неке қиыпты. Соған өзім тосынсый жасайын деп гүл алғызып, келініме сыйлық алғызып қазір құттықтайын деп тұрмын", — деп Айнұр Тұрсынбаева келініне гүл мен ең қымбат үлгідегі телефонды сыйға тартты.