Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық қазақ қызы Заида баласының суретін жариялады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Баласының кімге тартқанын сұрағандарға жасырып келген атыраулық қыз әлеуметтік желіге жүктеген сәбиінің түрін әрине жабуға тырысты. Дегенмен баланың аяқ- қолдары, маңдайының қара екені байқалып қалды.
Ерлі зайыптыдар баласына Айдын деп есім бергенін айтты.
— Баламыздың екі есімі бар. Эйден-Зикора. Эйден — қазақша Айдын.
Енем екінші есім берді. Ол Зикора деп атады, деп жазды.
Заида ұлын 23 маусымда дүниеге әкелген. Сонымен қатар, 8 күннен соң сүндетке отырғызған.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың күзінде атыраулық Заида қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан. Нигериялық жігіт 7-8 айда қазақ қызының жүрегін жаулап алғаннан соң, үйленуге ұсыныс жасаған.