"Түрлі сынақтан өткен кезде, өмірдің не екенін түсіндім": Серік Абас-Шах басынан өткен жайттарды жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрлі сынақтан өткен кезде, өмірдің не екенін түсіндім": Серік Абас-Шах басынан өткен жайттарды жасырмады

"Түрлі сынақтан өткен кезде, өмірдің не екенін түсіндім": Серік Абас-Шах басынан өткен жайттарды жасырмады

Танымал журналист Серік Абас-Шах басынан өткен жайттарды еш жасырмай баяндап берді. 

  • 2 Қыркүйек 2022
  • 1230
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист басынан өткен жайттан, өзіне қарауға шамасы келемегенін айтты. 

"Жоқ болып кеткенім жоқ, (әлеуметтік желіде біраз көрінбей) үзіліс алғаным рас.

Аздап сырқаттанып қалдым.
Денсаулыққа қатысты не болғанын (не болып жатқанын) кейінірек жазармын. Жазбауым да мүмкін.

Қазір тәуір(леу)мін. Толық айығуға уақыт керек (әлі).

Денсаулық пен тыныш ұйқының қадірін бұрыннан білем ғой. Енді жақсырақ білетін болдым. Әсіресе уақыт атты “көкемізді” (өте қатты) қадірлей бастадым.

Ескерту: селфидегі түріме қарап басқаша ойлап қалмаңыз. Соңғы екі аптада сақал-мұрт қыруға шама болмай қалды.

Түрлі сынақтан өткен кезде (немесе керісінше өте алмай қалсақ) өмірдің не екенін түсініп бағалай бастаймыз. Өкінішті ақ. Оның ғажап (теңдессіз, тамаша, керемет) екенін тыныстаған әрбір деммен сезініп жүрсек дұрыс болар еді ғой (шіркін!) Жұмаққа баруға дәмесі барлар бұл өмірдің де жұмақ екенін түсінбейді ау (шамасы)

Ертең таңертең ояна салысымен "сақалсымақсыздану” мен "мұртсымақсыздану" жұмысына құлшына кірісемін, сосын "әтірленем", сосын "көкшәйленем". Сосын түрлі себеппен (екі ай бойы) жөндеуде тұрған көлігіме мініп алып, әлемдегі ең әдемі қаланың кептеліске толы көшесінің бірінде кетіп бара жатармын (әйтеуір бір жаққа)


"Мәжбүрлік пауза" әлеуметтік желідегі бұрынғы тақырыптарымның бағытын өзгертпейді.

Ауырмаңыздар!", деп жазды.  

Оқырмандар журналистке денсаулық тілеп, жылы лебіздерін жазды.