"Қай атаңнан көрдің бесікке мінген қатынды": Бұтының арасына бесікті қыстыру Маңғыстаудың салты ма? (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қай атаңнан көрдің бесікке мінген қатынды": Бұтының арасына бесікті қыстыру Маңғыстаудың салты ма? (ВИДЕО)

"Қай атаңнан көрдің бесікке мінген қатынды": Бұтының арасына бесікті қыстыру Маңғыстаудың салты ма? (ВИДЕО)

Баланы бесікке бөлеп, үстіне мініп алған әйелдің видеосы халықты шошытты. 

  • 6 Қыркүйек 2022
  • 2295
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видео халықтың қызу талқысына түсті. Бір қызығы шілдеханаға ерлер де келген. 

Оқырмандардың айтуынша, сәби бесікке бөленіп, әжесі бесіктің үстіне отырып шапқылайды екен. Отырған адамдарды қамшымен ұрғылап, сатып алыңдар деп ақша алады-мыс. 

Жазылған пікірлерде, "Бұны Южандар түсінбейді. Бұл Батыстың нағыз салт-дәстүрі. Бұрыннан келе жатқан. Ана жерде отырған үлкен әжелер ақымақ емес қо", Басында орамалы жоқ қандай әже", "Ешекке отырғандай отырып алғаны несі", "Маңғыстауда бар", деп жазды оқырмандар. 

Бесікке салу 

Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе  баланың нағашы жұрты алдын-ала арнайы жасатып,  бесік тойына алып келіп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой пікір көзделген. Қызды өріс, жиендерді ұрпақ,  жұрағат санаған.

Қазақ салтында баланы бесікке бөлеу үлкен той, қуаныш деп есептеліп, ырымдарға толы болады. «Бесікке салу» ырымы бала дүниеге келгеніне 7-8 күн  өткен соң барып өткізіледі. Алдын ала баланы күміс теңгелер салынған шілде суға түсіріп,  бала-шағалы, сый-сыйяпатты әйел адамға бесікке бөлетеді.