Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 472,47 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 6 қыркүйектегі ресми бағамы — 472,63 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 471,93 теңге, сату – 476,09 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,92 теңгеден сатып алынып, 475,99 теңгеден сатылып жатыр.