Айнұр Тұрсынбаева шақырып жүрген чекап жай медосмотр - блогер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаева шақырып жүрген чекап жай медосмотр - блогер

Айнұр Тұрсынбаева шақырып жүрген чекап жай медосмотр - блогер

Блогер Ирина Разақ Сәтжан Тоқтарбай мен Айнұр Тұрсынбаева шақырып жүрген чекап - жай медосмотр екенін айтты.

  • 9 Қыркүйек 2022
  • 872
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"ТҮРКИЯ ЕЛІНЕ ЕМ ІЗДЕП, САНДАЛМА, ҚАЗАҚ!

ЧЕКАП-МЕДОСМОТР

Сәлеметсіздер ме, “Даудың басы Дайрабайдың қара сиыры” дегендей бұл әңгімелердің басы @makpal_karatai — мен байланысқан соң басталды. Өзім де “қазақшылыққа” басып, заңды орындарға жүгінуге бір жағынан сенбейтін, бір жағынан қорқатын, бір жағынан ерінетін, “қоя салшыға” салатын қазақтардың бірі едім. Бірақ бәрі де Жаратқанның қалауымен болады екен. Бүгінгі тақырыпты бәрімізге соңғы кезде “сәнге” айналған ЧЕКАПтан бастағым келіп отыр.
Себебі, мен де чекапқа алдандым, сол күнгі (29-тамыз) адамдардың шарасыздығын, мен сияқты алданғанын көрдім. Үйге келіп жағдайды айтқанда, осы тақырыпты жазуға 16 жасар ұлымның “Мама, айтыңыз, басқа адамдар алданбасын” деген сөзі себепші болды.

Чекап туралы екі нәрсені біліңіз: @satjan_toktarbay -дың арнайы медициналық білімі жоқ, тек түрік тілін білетін делдал. Қазірлері түрік тілін жетік білмейтін көмекшілері жүреді. Олар медициналық терминдерді дұрыс білмейді.

Чекапқа 800$ төлеп, арнайы Түркия еліне келіп толық тексерілуден өтіп, диагноз табады деген ойдан аулақ болыңыз. Чекап арқылы өздерінің арнайы тізімге кіретін дәрігерлері мен анализдерін тапсыруға ғана ақыңыз бар. Егер, басқа дәрігерлерге көріну керектігі айтылса оған бөлек ақы алынады. Ал, тізімде сіздің ауруыңыздың маманы көрсетілмеген болса, ол маманнан кеңес алу қосымша ақы төлейсіз. Медициналық аппараттардың да арнайы тізімі бар. Оған ең бастысы МРТ кірмейді.
Чекап пакетіндегі дәрігерлер тізімі: ЛОР, гинеколог, офтальмолог, кардиолог, хирург, терапевт. Чекапқа келмес алдын осы тізімдегі дәрігерлер сізге керек па анықтап алыңыз. Тізімде жоқ дәрігерлер ақылы. Ал, дәрігерлердің жұмысы анализге қарау арқылы оқу. Кәдімгі уақтылы медосмотрден өту және дәрігерлердің жалпылама қарауы.

ЖАРНАМАҒА ЕРІП ИЛЛЮЗИЯДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ.

Осының барлығын асыра жарнамалап, елімізде медстраховкамен тегін өтілетін медосмотр үшін қараңғы қазақты сабылтып отырғандар- Түркия елінде жүріп, ол елден жұмыс таба алмай, тек қазақты алдау арқылы қалтасын қампитқысы келгендер немесе жарнама арқылы табыс табатын блогерлер", — деп жазды блогер.

Сондай-ақ блогер сәнді блогерлердің сәнді жарнамасына еріп, ақшаны босқа шашпауға кеңес берді.


"Check-up ағылшын тілінен аударғанда "тексеру, қарау" мағынасын береді. Чекап ол бүкіл организімді қаратып, ауруыңды табу емес. Ол жай профилактика. Ол тексерілуден елімізде тегін өте аласыз. Сондықтан "сәнді" блогерлердің "сәнді" жарнамасына еріп ақшаңызды босқа шашпаңыз", — деді блогер Ирина Разақ.