Маңғыстау облысында заң бұзған шетелдіктер 13 млн теңге айыппұл төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында заң бұзған шетелдіктер 13 млн теңге айыппұл төледі

Маңғыстау облысында заң бұзған шетелдіктер 13 млн теңге айыппұл төледі

Маңғыстау облысында жыл басынан көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерден 13 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.

  • 13 Қыркүйек 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жыл басталғалы ел аумағында болу заңнамасын бұзған және өзге де әкімшілік құқық бұзу фактілері үшін 5 мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн 465 мың 239 теңге көлемінде айыппұл өндірді», — делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ 407 шетелдік ел аумағынан шығарылған. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды.


Бұдан бөлек тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.