"Папа келді! деп, қаусаған шалды қаумалап жатқан есалаңдар": Танымал журналист Рим Папасын күтіп алған қазақтар жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Папа келді! деп, қаусаған шалды қаумалап жатқан есалаңдар": Танымал журналист Рим Папасын күтіп алған қазақтар жайлы

"Папа келді! деп, қаусаған шалды қаумалап жатқан есалаңдар": Танымал журналист Рим Папасын күтіп алған қазақтар жайлы

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Рим Папасын күтіп алған қазақстандықтарды қатты сынға алды.

  • 15 Қыркүйек 2022
  • 10062
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналсит  Сәуле Әбілдаханқызы діні бөлек Рим Папасын күтіп алды деп шүйлікті және оның шынайы бет-бейнесін білудің жолын нұсқады. 

"Папа келді!.. Тамаша!.." деп тамсанып, қаусаған шалды қаумалап, әкесі тіріліп келгендей қуанып жатқан есалаңдар "Борджиа" фильмін көріңдер. "Папалардың" кімдер екенін, қандай екенін, мақсаттары не екенін білетін боласыңдар.
Баяғыда бір папа келгенде де нәннен бастап, бәрі жапырылып қолын сүйіп күйдіріп еді… намыссыздар…
Қазаққа демей-ақ қояйын, Қазақстанға бір түйір пайдасы болса қане… Біз католик пе едік? Тіпті, христиан, славян мемлекеті де емеспіз ғой!!! Қай христиан, қай славян мемлекеттері "папаларды" дәл сендердей қайта-қайта шақырып, қай ел қолын сүйіп, арбасын сүйреп жүр???
Әлде елімізде дін саласы қырық сідікке бөлініп, халқың қырық дінге бөлініп, әбден іріп-шіріп жатқанын әлі де көрмей отырсыңдар ма? Сендер ұлттық идеология, мемлекеттік идеология, тұтастық идеологиясы дегенді ұғасыңдар ма өзі???
Идиотизм, деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. 

Айта кетейік, қыркүйектің 14-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласына Рим Папасы келді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы Франциск екіжақты кездесу өткізді