"Мүфтиәттің мына қылығы қазақты, Ханафи мәзхабын қорлау емес пе?". Араб шейхінің Қазақстанда уағыз айтуы наразылық туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүфтиәттің мына қылығы қазақты, Ханафи мәзхабын қорлау емес пе?". Араб шейхінің Қазақстанда уағыз айтуы наразылық туғызды

"Мүфтиәттің мына қылығы қазақты, Ханафи мәзхабын қорлау емес пе?". Араб шейхінің Қазақстанда уағыз айтуы наразылық туғызды

Әл-Азхар шейхының елімізде уағыз айтуына халық қарсылық білдірді.

  • 16 Қыркүйек 2022
  • 276
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бейсен Ахмет ұлының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Азхар шейхы Ахмет Айып 16 қыркүйекте Республикалық мешітте уағыз айтты. 

"Араб шейхының Қазақстанда имам болып, уағыз айтуы дұрыс па?
Тарихи қалыптасқан дәстүрге сай алыс жерден келген мұсылман кім болса да келген елдің мәзхабына бағынады және имамына ұюы парыз. Уағыз айтып, діни үгіт жүргізуге мүлдем құқы жоқ.
Жеке діни топтардың пікір алмасуы болса жарар еді.
Мүфтиәттің мына қылығы қазақты, Ханафи мәзхабын қорлау емес пе?
Бас мүфтидің өз елінде өзге мәзхаб өкілін имам етіп, оған ұюы өте ауыр қателік деп есептеймін.

Саяси астары бар, мемлекеттік тапсырма емес пе!?


Қмдб Ұстаздары
Ағабек Қонарбайұлы
Michael Sherimbek
Қайрат Жолдыбай
Мұртаза Жүнісұлы
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы
Не дейсіздер?", деп жазды. 

Оқырмандар Рим Папасына қарағанда келгені дұрыс деп қолдау білдірді. 

"Дұрыс. Папаның келгенінен әлдеқайда дұрыс. Үйрену керек, өзіміздің арамыздан мықты әлімдерді шығаруымыз керекпіз. Қатынас болу керек, үйрену керек", "Исламда белгіленген тәртіп те болмағаны ғой!  Ешкімге бағыну жоқ, бас басына пайғамбар!", "Рим Әке келіп уағыз айтқанда бұл қайда жақсы. Осылай бөліне бересіңдер", деп жазды оқырмандар.