Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды - Байден - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды - Байден

Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды - Байден

Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді.

  • 19 Қыркүйек 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Джо Байден CBS арнасындағы "60 минут" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

President Biden tells 60 Minutes that U.S. men and women would defend Taiwan in the event of a Chinese invasion. However, after our interview, a White House official told us that U.S. policy on Taiwan has not changed. https://t.co/ANg54LifSH pic.twitter.com/V5qjoqF36T

— 60 Minutes (@60Minutes) September 19, 2022

Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда АҚШ қорғай ма деген сұраққа Байден: "Иә, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған шабуыл болса", — деп жауап берді.

Ол АҚШ Қытайдың саясатын қолдап, Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын ескертті.


"Біз Тайвань аралымен жақсы ынтымақтастықта болсақ та, Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмаймыз", — деді америкалық көшбасшы.

Мамыр айында Байденге Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери әрекеттерге араласа ма деп сұраған болатын.

"Иә… Бұл біз қабылдаған міндеттеме", — деп жауап берді ол.

Ақ үй де АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін айтып, бұл мәлімдемеден тез бас тартты.