Журналист Тоқтар Жақаш Facebook желісінде Ватикандағы дін басшысын сайлаудың тағы бір қызығы туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Рим папасы туралы сөз қозғап қалдық қой. Енді, Ватиканда жоғары дәрежелі епископты сайлайтын бір қызық жайт туралы айтпай кетпеске болмайтын шығар. Сәл нелеу… бірақ қызық! Сондықтан, ұяты күштілер оқымай өтіп кетсін. Пост — қызығушыларға арналған.
Сомен, Ватиканда ықылым заманнан келе жатқан мынандай дәстүр бар: "папа" деп сайлағандары "мама" болып шықпас үшін кандидаттың жынысын міндетті түрде көпшіліктің алдында тексереді.
Енді… көпшіліктің алдына тыр жалаңаш шығармайтыны анық қой. Сондықтан, әлгі бесіктің түбегі сиятындай ойығы бар үстелді ортаға қояды. Кандидат сол үстелге келіп отырады. Тесіктен әлгі нәрсесі салбырап тұруы керек. Сосын, арнайы тексеретін бір ер адам келіп, үстелдің астын сипалап, тартып көреді.
Сосын, жиылған жамағатқа қарап: "екеуі де өз орнында. Тіпті, әдемі боп қатып тұр!" деп айқай салады. Сол — сол-ақ екен, қалың көпшілік ду қол соғып, мереке басталады да кетеді. Жұрттар барып, әлгі діндарға дауыс береді. "Рим папасы" деген атақ осылай — жұмыртқа сипатып барып келетін дәреже екен!",- деп жазба жариялады.
Желі оқырмандары: "Соңына дейін оқыдым, ұятым аздау болған соң ба?", "Тасын түгелдей ме, әлде…", "Бұл әңгіме 13 ғасырдан бері бар, Лео Таксиль ХІХ ғасырдағы жазушы ғой… 1250 жылғы жазба Chronicon Pontificum et Imperatorum -де айтылады. ХҮ ғасырдағы суреттерде де бейнеленген… Анығын Аллаһ біледі!",- деп жазды.
Рим папасы туралы сөз қозғап қалдық қой. Енді, Ватиканда жоғары дәрежелі епископты сайлайтын бір қызық жайт туралы…
Posted by Тоқтар Жақаш on Friday, September 16, 2022