"Дәулеттен" белгілі фэншуй маманын сотқа бермекші ме - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәулеттен" белгілі фэншуй маманын сотқа бермекші ме

"Дәулеттен" белгілі фэншуй маманын сотқа бермекші ме

"Дәулеттеннің " командасы блогер Ирина Раззақты "қаншық" деп балағаттаған көрінеді. "Көпшілікке @dauletten никнеймімен жақсы таныс Дәулет Мұқаев фэншуй маманымен соттасуы мүмкін.

  • 28 Қыркүйек 2022
  • 187
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ирина Разақ әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Айнұр Тұрсынбаев мен Балқия Балтабайды тексеруді талап етіп жүрген блогер Ирина Разақ желідегі парақшасына Даулеттен тобының адамы жазды деген әлдебір хабарламаның көшірмесін жүктеді.

Онда:  «Дәулеттеннің көмекшісі, мені ЖСН номеріңізді таптым деп қорқытпақшы болды. Оны өз аудиторияңа айтасың. Сотқа ЖСН-сіз де бере берсең болар еді. Сауат қайда?» деп жазылған. Аталған хабарлама Нұрсұлтан Нұрмағанбетұлы мен Ирина Разақтың арасында болған әңгіме болса керек. .

Иринаға @dauletten командасынан Бейсенов Жарқын есімді азамат та хат жазыпты. Иринаның сөзінше, ол «қаншық» деп тіл тигізіпті. Енді, фэншуй маманы Дәулет Мұқаевқа «Халыққа ақыл, білім айтпас бұрын өздеріңді түзеңдер» «Санаң белгілі болды» деп ренжулі. Ал Иринаның желідегі оқырмандары бұған «Қаншық дегені үшін жауап берсін», «Дәулеттің деңгейі осы ма?» деп пікір білдіруде.
Негізі даудың басы Ирина Разақтың Дәулет Мұқаевқа болжам жасауынан басталған болуы керек. Ирина болжам жасаған Дәулет Мұқаев бірінші әрі жалғыз танымал тұлға емес. Парақшасынан әнші Қайрат Нұртас пен оның жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға, сатира актері Тұрсынбек Қабатовқа, әнші Ерке Есмаханға жасалған болжамдарын көруге болады. Мәселен, «Келесі жылы жазасын алуы мүмкін» деген үзінділері бар психолог, коуч Балқия Балтабайға жасаған болжамы да ел арасында қызу талқылануда", деп жазды.