Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kznews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарлама жүргізушілерінің бірі әншіден «Әдетте үйленген адамдар бір неке жүзігін тағады. Неге сізде екеу?», — деп сұрады. Ал Керменбаев қолына неліктен екі жүзік тағатынын түсіндірді. «Менде де екі бас емес. Біреуі — неке жүзігі. Екіншісі кезінде продюсерімнің мейрамға сыйлаған сыйлығы еді. Содан естелік ретінде қалып қойған. Жақсы көретін жүзігімнің бірі. Сондықтан шешпей тағып жүрмін», — деп жауап берді әнші. Айта кетейік, Нұржан Керменбаев өмірге қызы келгеннен кейін әйеліне көзқарасының өзгергенін мойындаған еді.