Президентіміз әр жолдауында мүгедек жандарға көптеген жаңашылдықтар енгізуде - Сағатбек Қуанышбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президентіміз әр жолдауында мүгедек жандарға көптеген жаңашылдықтар енгізуде - Сағатбек Қуанышбайұлы

Президентіміз әр жолдауында мүгедек жандарға көптеген жаңашылдықтар енгізуде - Сағатбек Қуанышбайұлы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық ортаның көзқарасы әлдеқайда өзгерген.

  • 30 Қыркүйек 2022
  • 214
Фото - Caravan.kz

Мүсіркеп, аяушылықпен емес, өздерімен тең дәрежеде қарайтын ортаға айналып келеді, дейді Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Сағатбек Қуанышбайұлы  Caravan.kz медиа порталына берген сұхбатында. 

— Өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Арбаға таңылуыңызға не себеп? Жалпы қоғамның мүгедек жандарға көзқарасы қалай?

— Мен Сағатбек Қуанышбайұлы. Қызылорда қаласының тұрғынымын. Менің арбаға таңылуыма 2013 жылы жол көлік апатына түсуім себеп болды. Содан бері арбада отырамын. 2013 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата уинверситетінде оқып, диплом алатын кезімде, кенеттен келген жол көлік апатына түсіп қалған болатынмын.

Қазіргі таңда Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасымын. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында осы қызметке келдім.

Бұған дейін түрлі бағытта, волонтерлық бағытта түрлі жұмыстар жасадым.

 

Жалпы қоғамның мүгедек жандарға қазіргі таңда оң көзқараста келе жатыр. Мен 2013 жылы жол көлік апатына түсіп, көптеген емханаларға шыққан кезде, қоғамның маған мүсіркеп, аяушылық көзбен қарағанын байқайтынмын. Одан бөлек, менің қоғамдық ортада белсенді болуыма себепкер, инфрақұрылымның, яғни, жолдың дұрыс еместігі, тротуарлардың биіктігі, лифтілердің болмауы, тамақтану орындарына барған, жеке клиникалық дәріханаларға барғанда кіре алмау, аянышты болды. Яғни, жағдай жасалмаған. Сондықтан, осындай жайттардың барлығы көзге көрініп, қиыншылық тудыртқаннан кейін, мен өзімнің алдыма мақсат қойған болатынмын. Осындай мәселелерді көтерем және өзім сияқты тағдырлас жандардың қоғамдық ортада белсенді болуына емін-еркін жүріп тұруына көптеген жұмыстар жасаймын деп, қазіргі таңда көптеген осындай жұмыстарды жасап келе жатырмыз. Енді қазіргі таңда өзіңіз білесіз, мемлекеттің өзі мүгедек жандарға көзқарасы жақсы. Президентіміздің өзі әр жолдауында мүгедек жандарға, соның ішінде әлеуметтік салаға көптеген жаңашылдықтарды енгізіп, айтып келе жатыр. Әлі де қоғамның теріс көқарасы бар, бірақ, бәріне топырақ шашпаймыз, әрине.

— Мотиваторсыз білуімше. Өте жақсы. Қазіргі таңда ауадай қажет. Ұстанымыңыз қандай?

— Өзімді мотиватор деп санамаймын. Өмірге келген әр адам өмірді, берген мүмкіншілікті пайдаланып жақсы өмір сүру керек деп ойлаймын. Мен өзімнің көптеген тағдырлас жандарға төрт қабырғада қамалып қалмаңдар, қоғамдық ортаға шығыңдар, біз де қоғамның бір мүшесіміз деп айтамын. Неге? Өйткені, өмір адамға берілген өте бір сый, нығмет. Оны түрлі жағдайға түскеннен кейін біледі.

Мен өзімді айта аламын. 2013 жылы жол көлік апатына түсіп, өмірге қайта келгендей болдым. Өйткені, маған дәрігерлер өте ауыр диагноз қойды. Маған күрделі оталар жасалды. Менің өліп кетуім де мүмкін еді. Бірақ, көрер жарығым бар екен. Аллағ шүкір деймін. Осылай аман қалғаным, бірінші Аллла, екінші дәрігердердің арқасы. Мұндай жағдайлардан соң, қолымды сілтеп, төрт қабырғада қамалып қалуға қандай хақым бар. Одан кейін, менің отбасым, ата-анам, бауырларым, одан бөлек достарым қаншама қолдауларын көрсетіп жатыр. Сондай қолдауларды көргеннен кейін, өмірде барынша белсенді болуға тырысамын. Бірақ, мен сол өзіңіз айтқандай мотиватор деп қабылдап, көп жерлерге шақырып жатады. Мен көбіне мектеп оқушылары мен студенттермен кездескенді жақсы көремін. Ағай-апайлар мотивациялық кездесулерге көптеп шақырып жатады.

Менің жалпы өмірлік ұстанымым, ақын Мұқағали Мақатаевтың керемет бір өлең жолдарымен жүремін.


— Мәңгі сені жазбаған сүрінуге

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге, — деген ұстанымды ұстаймын. Тек алға қарай, қадам баса беремін. Кейде, өмірде түрлі қиыншылықтар болады. Бір қадам алға басып, төрт-бес қадам артқа құлайтын сәттер де болады. Ол кезде мен бар тәжірибемді жинастырып, біліміміді шыңдап аламын. Бір құлаған нәрсе маған мәңгілік сабақ болып қалады. Одан бөлек, отбасымда анам бар, әкем бала күнімде қайтыс болған. Анамнан ақыл сұраймын, анамның батасын аламын. Сол кезде анамның керемет сөздері бар. Көбіне жобаларға, байқауларға қатысамыз. Бірде жолым болады, бірде болмайды, өмірдің заңдылығы өзі солай ғой. Сонда анам “Сағатбек! Сен өмірден жеңілмеген жансың ғой” дейді. Анамның осы сөзі мені қанаттандырады. Күшті рух аламын. Бірде болады, бірде болмайды.

— Биыл орталыққа 10 жыл толыпты, ерекше жандардың өзін еркін сезінуі үшін не қандай шалалар атқарасыздар?

— Біздің Қызылорда облысында, соның ішінде Қызылорда қаласында мүгедектерге арналған оңалту орталығы бар. Бұл теңдесіз орталық республиканың 2-3 қаласында ғана ашылған. Орталық соңғы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл мүгедектерді көбінесе “Үміт ұясы” деп айтады. Менің де осы орталықта белсенді болуыма, себепкер болды. Неге десеңіз, түрлі жағдайға түсіп, өз-өзімен әлек болып жүрген жандар сол жерге жиналып, бас қосып, бір-бірімен танысады, достасады. Бір-бірінің бойындағы қасиеттерін біледі. Жаңа қырларын ашады. Біздің оңалту орталығы жалпы 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық, құқықтық қызметтер, т.б.

Бұл жерде жатқан жан тек денсаулығын емес, сонымен қатар, ішкі рухани мықытылығын да шыңдайды. Өйткені, өзі сияқты тағдырластармен сырласып, жақын достасады. Одан бөлек, түрлі бұйымдармен, тігінмен айналсады. Өнер бағытында ән, би салаларында айналысады. Түрлі іс-шараларға шығады. Осы аталмыш орталыққа биыл 10 жыл толды. 10 жылдықты жоғары деңгейдң атап өттік. Көптеген жандар келді. Бұл орталықтың берері өте көп. Бұндай орталықтар басқа облыстарда да ашылса деген тілегім бар. Өйткені маған көбіне хабарласып жатады. Сіздердегі оңалту орталығы қалай, бізге бола ма деген сұрақтармен. Бірақ, әзірге бұл орталыққа Қызылорда облысы мен қала тұрғындары ғана жата алады.

Қазіргі таңда қоғамдық орында, қоғамдық ортада барынша белсенді болуға жұмыс жасап жатырмыз. Солардың бірі, ерекше жандарды көптеген іс-шаралардың ұйымдастыруымен бастап кеттік. Оның ішінде балалар, ата-аналар бар. Мүгедектігі бар адамдардың арасында фестивальдер, спартакиада, түрлі семинар тренингтер, арбамен жүретін жандарға үлкен марафондар және түрлі экскурасиялар барлығы қастылған. Осындай жал басында бекітілген бағыттармен жыл көлемінде жұмыстар жасаймыз.

Өзім 2013 жылдан бері көптеген жетістіктерге жеттім. Қызылорда қаласы әкімінің “Самғау жастар” сыйлығы, Қызылорда облысының “Сыр үміті” жастар сыйлығы және 2018 жылы “Жылдың үздік адамы” деген номинацияларға ие болдым. Одан бөлек еріктілер жылында “Халықаралық деңгейдегі әлеуметтік салаға қоқан үлесі үшін деегн үлкен номинацияның иегері атандым. Бұлардың бәрі аз да болса, жасап жатқан еңбектерімнің жемісі деп білемін.

— Сағатбек мырза, сұхбатыңызға көп рахмет! Өміріңіз жарқын, жолыңыз әрдайым ашық болсын!

Перейти к новостям спорта