Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Шешімі бар" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Марат Мырзалиев бала өзінен емес екенін айтып, бағдарламадан бала үшін ДНК сараптама жасату үшін көмек сұрап келді.
— Менің бала көтертуге қабілетім жоқ. Бала көтертуге ұрығымның күші 12 пайыз ғана. Бала көтерту үшін, 50 пайыз болу керек екен. Ал, бұрынғы әйелім баланы менікі деп алдап, алимент төлетіп отыр. Ол баланы менен көтерген емес. Оның баласы Боранбай деген кісіден, дейді Марат.
Мараттың қазіргі әйелі Жәмилә Жыңғылбаева Мараттың бұрынғы әйелі Айнаштың бөлесі. Жәмиланың бұрынғы күйеуінен үш баласы бар.
— Айнаштың баласы Мақсат Боранбай деген кісіден. Ол екеуі мені үйімде төсектес болған. Оған өзім куәмін, дейді о бастан барлық сырды білген болып шықты.
Мараттың анасы Зайнап апа немересі мен келіні жайлы бар шындықты айтып жылап қалды.
— Мен бала туылғаннан бері 8 жыл бойына өзім бақтым. Немерем аты Мақсат. Оны алып кетті. Жарайды, деп бәріне көндім. Кеілінім Айнаш 6 жылдан кейін, бала көтерді. Емдетпеген жерім қалмады. Айнаш шешесі екеуі ақылдасып, басқа еркекті жалдап, бала көтерген. Оны мен жақында естідім. Екі айдан асты естігеніме. Шок болдым. Өз баламнан артық етіп бақтым. Бұл іске құдағиымның қатысы бар. Бірақ, құдам білмейді, дейді немересін сағынған апа.
— Еркектер істейтін ісін жасап алып, бала менікі емес деп жауапкершіліктен қашады, дейді заңгер Айжан.
Бағдарлама соңында уролог-андролог Еркінбек Қаленов Маратты емдетеуге келісті. Осы тұста ұрпақ сүйе алмау тұқым қуалайтын болғанның да дәлелі айқын болғандай. Бағдарламаға келген Марттың інісі де 5 жылдан бері бала сүйе алмаған. Соның салдарынан әйелімен ажырасқаны айтылды.