25-қазан - Республика күніне арналған құттықтау-тілектер, тақпақтар мен өлеңдер - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
0 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
25-қазан - Республика күніне арналған құттықтау-тілектер, тақпақтар мен өлеңдер

25-қазан - Республика күніне арналған құттықтау-тілектер, тақпақтар мен өлеңдер

25-қазан – Республика күні ретінде бекітілді. 13 жылдан соң, 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, президент тиісті заңға қол қойды.

  • 8 Қазан
  • 115728
Фото - Caravan.kz

Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», — деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды.

«Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды», -деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

«Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деді Тоқаев.

Тарих | 25 қазан Республика күні

Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттей¬тін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қала¬тыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демокра¬тия¬сының ертеден бастау ала¬ты¬нын, ондағы мем¬ле¬кетті құру, қалыптас¬ты¬ру, даму институт¬тары¬ның сол қоғамға, сол ке¬зең¬дерге сәйкес болғандығы туралы көп ай¬ты¬ла бермейді. Қа¬зір¬гі уақыттағы шынайы демо¬кра¬тия элемент¬терінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады.
Республика күні, 25 қа¬занда Қазақстанның мұқым хал¬қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд¬десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак¬торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декла¬ра¬циясын жарияладық, Конститу¬ция¬мызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анық¬тадық. Сондықтан бұл құжат¬тың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айт¬қанда, 25 қазан Тәуелсіз Респуб¬ли¬ка декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.
Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағ¬дайға тап боламыз. Бір жағы¬нан, мейрам, бір жағынан, траге¬дия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңілі¬ңіз жа¬бырқайды. Сондықтан ме¬ніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ-сан кө¬терілісі күні ретінде аталып өтілетін болса.
Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен та¬рихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет-тер¬мен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада ада쬬-дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанын¬да біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін…..

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!

Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.

Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!

Заула, егемендік тұлпары! / Автор: Ғалым Әріп

Көк байрағым желбіреп асқарымда,
Алтын шуақ төксе Күн аспанымда,
Ауыздығын шайнаған арғымақпен
Айға да біз жетерміз қас-қағымда!
Аман болсын туған ел қайғы-мұңнан,
Абай болсын алыс жұрт айбынынан.
Айналаға тарасын жақұт-сәуле,
Аңсап жеткен азаттық таң нұрынан.
Жайым болмас дәл бүгін іркілерге,
Тұяқ тарпып тұлпарым сілкінер де!
Тәуелсіздік, теңдіктің туын тіктеп,
Жар салады жайсаң ұл бүкіл елге!
Көз қызығар көркіне қазанатым,
Тұғырына қонып нық азаматым,
Заулай ағып барады болашаққа,
Жария етіп ғаламға қазақ атын.
Заман-заңғар,
ілесіп ұлы ағынға,
Арғымақтың ойнармын құлағында.
Қазақстан – бақытым, бұлағым да,
Арқасүйер Отаным – қыраным да!

Тәуелсіздік күні (Қалқаман Сарин | Тәуелсіздік)

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Еркіндікке бастаған егемендік / Автор: Ғабиден Қожахмет

Шайқалып тас бұғаудың тас қамалы,
Еркіндік тоқсан бірден басталады.
Қазақтың таңы атып, тарих күліп,
Шырқалды азаттықтың асқақ әні.

Халқымның шын оянып асқақ ары,
Еркіндік тоқсан бірден басталады.
Қуанып, сүйіншілеп жас та, кәрі,
Тарихтың күлді сол жыл қас-қабағы.

Танытып барша әлемге қазақтығын,
Қалдырып тастады артқа азап мұңын.
Бұл жолда талай боздақ қанын төкті,
Күреспен келді маған азаттығым.

Жас ұрпақ сол күрестің жаттайды әнін,
Сезінбес рухымның татпай дәмін.
Аталдық күллі әлемге Қазақстан,
Желбіреп төбемізде көкбайрағым.

Халқымды шабыттарға бөледі ерлік,
Бұл жолға жігер-күшті төге келдік.
Бостандықтың жол салған биігіне
Жасасын мәңгілікке егемендік!